Блог бойынша іздеу

пятница, 21 сентября 2007 г.

БАРШАҢЫЗДЫ! БАРШАҢЫЗДЫ!
БАРШАҢЫЗДЫ!
«АЗАМАТҚА»
Шақырамыз!
«ХАБАР» арнасында сәрсенбінің сәтті күнінде жарық көретін «АЗАМАТ» жастар бағдарламасы білімді, озық ойлы азаматтарға кезекті іріктеу жариялайды.
- Егер Сіздің көкейіңізде сан түрлі сұрақтар мен көрікті ойлар болса;
- Сіз белсенді де ділмар болсаңыз;
- Өз ойыңызды еркін дәлелдей алсаңыз;
- Қазақстанның бүгіні мен болашағына алаңдасаңыз;
АЗАМАТҚА келіңіз!


Іріктеу 12-13.09.07ж. күні 10:00-де Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтында өтеді.
Байланыс телефонымыз: 2700043, Руслан Желдібай

среда, 19 сентября 2007 г.

«Азамат» пікір – сайыс клубының
Жарғысы

I. Жалпы ережелер


1.1 «Азамат» пікір – сайыс клубы Ұлттық пікір – сайыс орталығы негізінде жұмыс істейтін Қазақ тілді Студенттік пікір – сайыс клубы әрі қарай «Клуб» деп аталады. Бұл клуб Қазақстандағы пікір – сайыс қозғалысының ажырамас бөлігі және барша студент қауымы үшін ашық қоғамдық ұйым болып табылады.
1.2 Бұл жарғы клуб жұмысын ұйымдастыру мен оны мейлінше тиімді етуді көздейтін, клуб мүшелерінің өзара қатынастарын реттеудегі клуб шеңберіндегі жоғарғы күші бар құжат болып табылады.

II. Клубтың мақсат – мұраттары
2.1 Клуб мақсаты – рухани, интелектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін қазақ тілді жастардың жаңа буының қалыптасуына ықпал ету.
2.2. Клубтың алға қойған мақсаттары:
· Қазақ тілді студенттердің арасында пікір – сайыс бағдарламасының кеңінен таралуына аи салысу;
· Клубтың әр мүшесінің пікір – сайыс теориясын жетік білуін және осы бағытта үнемі ізденісте болуына ықпал ету;
· Жинақталған білім мен тәжірибенің тереңдетіліп, келесі лектегі пікір – сайысшыларға жеткізілуіне септігін тигізу;
· Қазақстан Республикасының Жастар саясаты жөніндегі заңы аясында басқа да шаралар атқару және оларға қатысу;
· Қазақ халқының Ұлттық шешендік өнерін жаңғыруы мен қазақ тілінің таза, ыңғайлы ресми стилінің қалыптасуына ат салысу;

III. Клубтың ұйымдастырылуы мен қызметі
3.1 Клубтың жоғарғы органы Жалпы Жиналыс Болып табылады. Жалпы Жиналыс клуб мүшелерінен тұрады.
3.2 Жалпы Жиналыс құзіреті:
· Клуб Жарғысын бекітіп, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
· Клуб қызметінің негізгі бағыттары мен бағдарламасын анықтау;
· Клубқа мүшелікке қабылдау және мүшеліктен шығару сұрақтарын қарау;
3.3 Клуб жиналысын Клуб үйлестірушісі (координаторы) жүргізеді.
3.4 Клуб отырысы кезінде хатшы хаттама жүргізеді.
3.5 Клуб аптасына бір рет, мүшелерінің дауысының көпшілігімен шешілген уақытта жиналып отырады. Клуб отырысына кешігіп келуге болмайды, кешіккен жағдайда жұмысқа кедергі келтірмей қосылуы тиіс.
3.6 Клуб жастар ұйымдармен бірігіп іс- шараларға қатысады.
3.7 Клуб жұмысын ұйымдастыру мен тұрақты жұмыс істеуіне жауапты тұлғалар:
· Клуб координаторы
· Координатор орынбасарлары
· Хатшы
3.8 Клуб координаторы клуб жұмысының ұйымдастырылуы, алға қойылған мақсаттарының орындалуына жауапты. Клуб отырыстарының тәртібін белгілеп, оларға басшылық етеді.
3.9 Клуб координаторын Жалпы Жиналыста көпшілік дауыспен сайланады.
IV. Клуб жұмысының жүргізілуі

4.1 Клуб координаторының міндеттері:
· Клуб мүшелеріне жиналыстың болатын уақыттын хабарлау;
· Клуб мүшелерінне жаңа ақпараттардың клуб мүшелеріне жетуін қамтамасыз ету;
· Клуб отырысының күн тәртібін жасау;
· Жарғының клуб мүшелері тарапынан толық және дұрыс орындалуын қадағалау;
· Клубта болатын семинар, жаттығулар ұйымдастыру;
· Клуб атынан келісім жүргізу;


4.2 Клуб Хатшысының міндеттері:
· Клуб отырысының Хаттамасын жүргізіп отыру;
· Клуб жұмысына байланысты құжаттар мен қағаздардың жүйелілігі мен дұрыстығына жауапты;

V. Клубқа мүше болу, клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
5.1 Клубқа Университет қабырғасында оқитын, Клуб Жарғысын қолдайтын және оның мақсат – мұраттары мен қызметіне ат салысуға дайын кез – келген азамат мүше бола алады.
5.2 Клуб мүшесі болу үшін қойылатын талаптар:
· Американдық Парламенттік Пікір – Сайыс Үлгісі бойынша (АПФ) өткен семинар – тренинг жаттығуларына қатысып, алғашқы дайындықтан өтуі тиіс.
· Қалалық деңгейдегі пікір-сайыс бәсекесіне қатысқан, сонымен қатар оқушы кезінен пікір- сайыспен айналысқан студенттер клубқа еркін мүше бола алады.
5.3 Клуб мүшелігі мынадай жағдайда тоқтатылады:
· Клуб мүшесінің өз бастамасы бойынша;
· Клуб мүшелерінің көпшілік дауысымен клуб Жарғысындағы ережелерді, тәртібін орындамағаны үшін, клубты жаман атқа қалдырғаны үшін клуб шешмі негізінде;
· Клуб мүшесінің жеке ісі қаралған мәжіліске немесе жиналысқа қатысқан клуб мүшелерінің үштен екісі клубтан шығарылсын деп дауыс берген жағдайда, клубтан шығарылды деп есептелінеді;
5.4 Клуб мүшесінің құқығы:
· Пікір – сайыс бағдарламалары мен шараларына қатысу;
· Клубтың қызметі туралы ақпарат алуға;
· Клуб өкілі ретінде қоғамдық шараларға қатысуға;
· Клубтан шығу мәселесін өзі шешу;
5.5 Клуб мүшесінің міндеттері:
· Клубтың Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарындағы талаптарды бұзбау;
· Клубтың бағдарламалық мақсаттарын көпшілікке түсіндіру және оларды қорғау;
· Клуб жиналысының және университет бекіткен шешімдерін орындау;
· Клуб қатарына жаңа мүшелер тарту жөнінде жұмыс жүргізу;
· Клубтың абыройы мен қызметіне зиян кельіруі мүмкін іс - әрекеттерге бармау;


VI. Клуб Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
6.1 Осы Жарғыға өзгетулер мен толықтырулар тек клубтың Жалпы Жиналысының шешімімен енгізіледі.
6.2 Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасауға клубтың кез – келген мүшесінің құқығы бар. Ұсыныс жазбаша түрде, жан- жақты дәлелденіп, жазған адамның қолы қойылып, клуб координаторына тапсырылуы тиіс.
6.3 Клуб жиналысы бұл ұсыныс келіп түскеннен кейін бір ай ішінде қарап, оны талқылау ісін ұйымдастыруға міндетті.


VII. Клуб қызметін тоқтату
7.1 Клубтың қызметі ерікті түрде немесе тарату жолымен, сондай – ақ басқа да заңды негіздермен тоқтатылуы мүмкін. Клубты ерікті түрде тарату немесе қайьта құру Клуб Жалпы Жиналысының шешімі негізінде жүзеге асырылады.